МЕДИЦИНАДАҒЫ БАРЛЫҚ 15 ДИЕТА (СТОЛ) толықтай сипаттамасымен.
-Диета №1, №1а, №1б – асқазан жарасы және 12-елі ішек ауруы
-Диета №2 - жедел гастрит, созылмалы гастрит, энтерит және колит, созылмалы энтероколит
-Диета №3 – іш қату
-Диета №4, №4а, №4б, №4в – асқазан – ішек аурулары, іш өтумен қоса
-Диета №5, №5а – бауыр және өт қабының аурулары
-Диета № 6 - подагра, бүйрек - тас ауруы
-Диета №7, №7а, №7б – жедел және созылмалы нефрит (пиелонефрит, гломерулонефрит)
-Диета №8 – семіздік
-Диета №9 – қант диабеті
-Диета №10 – қан айналым жеткіліксіздігімен жүретін жүрек – қан тамыр аурулары
-Диета №11 - туберкулез
-Диета №12 – нерв жүйесінің функционалды аурулары
-Диета №13 – жедел инфекциялық аурулар
-Диета №14 – оксалаттан тұратын бүйрек - тас ауруы тастың шығуымен
-Диета №15 – арнайы диета қажет етпейтін аурулар тобы
ӘРБІР СТОЛҒА ЖЕКЕ СИПАТТАМА!
Стол №1
Стол N1. Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары кезінде, асқынулардан соң 6-12 ай, сонымен қоса жоғарғы қышқылдықты гастрит кезінде
Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді - дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; сүт, май қосылған жұмсақ ботқа; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға пысқан ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа; қатырылған ақ нан, кептірілген нан; тәтті жеміс - жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао - әлсіз. Жалпы жағдайы жақсарған сайын тағамды қайнатылған түрінде қолдануға болады. Тұзды 8 г дейін азайту. А, С, В тобындағы витаминдер қолдану. Тағамды жиі күніне 5-6 рет пайдалану, толықтай шайнап және тым ыстық немесе тым суық тағамдардан аулақ болу қажет;
ЖАЛҒАСЫ ТОЛЫҚТАЙ САЙТТА ЖАЗЫЛҒАН: http://kazmedic.kz/archives/5000